$ 443.44  480.51  4.88

Германиядан аса ірі көлемде есірткі саудалап, іздеу жарияланған адам экстрадицияланды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының Тергеу изоляторына қамалды.

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған, содан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары