$ 441.66  475.14  4.86

Шымкентте қауын мен қарбыздан 150-дей адам уланған

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің көбі гигиена мен азық-түлікті сақтау ережелерін сақтамаған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Шымкентте қауын, қарбыздан улану дерегі көбейген. Өткен айда ғана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 150 жағдай тіркелген. Мамандар жемістерді тұтынар кезде тексеріп алуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің көбі гигиена мен азық-түлікті сақтау ережелерін сақтамаған. Ал мегаполисте жаздың ыстық уақытында термометр 40 градустан жоғары көтеріліп жатыр. Бұл жемістердің бұзылуына да қатты әсер етеді.

Соңғы айда 300-ден астам науқас түсті. Солардың ішінде 150 адам негізінен қарбыз, қауыннан уланған. Көбіне ересектер көп түсуде. Санэпидстанция бұл мәселемен айналысып жатыр, - деді Жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Баян Рыстаева.

Биылғы маусымда сарапшылар нитраттарға 2 мыңнан астам сынама жасаған. Алайда бұл сынамалар тек ресми түрде шақырылған сауда нүктелерінде ғана өткізілген. Әрі қауіпті ештеңе табылмаған. Ал одан кейін жоспардан тыс тексерулер болмаған.

Мұнда адамдар қарбыз бен қауынды тікелей «ГАЗель» көліктерінің ішінен сатып жатыр. Ал сатушылар жұртшылықты таза, санитарлық талаптар сақталған деп сендіреді. Дегенмен мамандар қауынның қауіпсіздігін көзбен анықтау мүмкін емес екенін айтуда. Мұны тек зертхана қызметкерлері біле алады. Ал сатып алушылар саудагерлерден нитраттарға тестілеу туралы құжатты талап етуге құқылы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары