14.07.2023, 01:30

Грекия астанасының орталығында жарылыс болды

Фото: 24newnews.ru
Ол жерден екі жарылғыш құрылғы табылды.

Бұл туралы Грекия елінің ERT қоғамдық теледидары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Зардап шеккендер жоқ, тек материалдық шығын келтірілді. Жарылыс механизмінің қалдықтары табылды, - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер өртті дер кезінде сөндіре алды.

Барлығы екі жарылғыш құрылғы табылды. Екінші бомба басқарылатын жарылыспен залалсыздандырылды.

Ғимараттың ішінен күдікті қорап табылды, оны Жарылмаған оқ-дәрілерді Залалсыздандыру басқармасының мамандары тексерді. Қорапта жарылғыш құрылғы бар екені анықталды және әдейі жарылыс операциясы жүргізілді, - делінген телеарнаның хабарламасында.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, жарылғыш құрылғы қолдан жасалған.