14.07.2023, 07:30

Бүгін ауа райы қандай болады

Фото: Aikyn.kz
Республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

14 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сенсек, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Синоптиктер болжағандай, республикада жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл соғады.

Астанада көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына – 9-14 метр, күндіз екпіні секундына – 15-20 метр болады. Ауа температурасы – түнде +21+23°С, күндіз – +30+32°С ыстық.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына – 0-5 метр. Ауа температурасы түнде – +23+25°С, күндіз – +36+38°С ыстық.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына – 8-13, 15-20 метр. Ауа температурасы түнде – +22+24, күндіз – +35+37°C ыстық.