$ 487.37  532.94  5.09

Қазақ баласы «Витебск» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды (ВИДЕО)

Шерхан Арыстан жүлдені Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қолынан алды.

Қазақстандық жас орындаушы Шерхан Арыстан XXI Халықаралық «Витебск» балалар музыкалық байқауының Гран-приін жеңіп алды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Шерхан Арыстан жүлдені «Витебскідегі славян базары» XXXII халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанатында Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қолынан алды.

Қазылар алқасы 12 жастағы Шерхан Арыстанға екі күнде ең жоғары баға – 70 балдан берді. Ол барлық қарсыластарын жеңіп, 140 ұпай жинады.

Байқаудың бірінші күнінде ол Андреа Бочелли, Дэвид Фостер және Эми Фостердің Ama, Credi e vai («Сүй, сен және бар») композициясын орындады.

Жас орындаушы мықты вокалдық өнерін көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасын таңқалдырды. Шерхан туған елінде танымал эстрада жұлдызы болуды армандайтынын айтты.

Беларусь елінің атынан өнер көрсеткен София Рустамова байқау көшбасшысынан небәрі 4 ұпай артта қалды. Байқаудың бірінші күнінде ол 66 ұпай, ал екінші күні - 70 ұпай жинады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары