$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент тұрғындарын 60 млн теңгеге алдап кеткен әйелге іздеу жарияланды

Әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдады деп күдік келтіріліп отырған әйелге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мыңбаева Азиза Мамытқызы 1963 жылы туған. ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бойынша күдікке ілінді.

Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Ол жәбірленушілерден жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары