11 шілде күні Елорданың даму мәселелеріне арналған жиналыста Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қала билігі мемлекет пен азаматтардың мүдделерін басты орынға қою тиіс», — деп атқамінерлерге олардың негізгі міндетін еске түсірді. Осыдан кейін тіпті екі күн өтпей, «Жаңа Адамдар» Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевтың қала мәселелеріне немқұрайлы қарауына тап болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бір ай бұрын «Жаңа адамдар» Астана қаласының тұрғындарымен бірігіп, қаланың 100 мәселесін қамтитын тізімді құрастырды. Әр пункттің астында фотосуреттер болған. Осы мәселелерді түзету үшін тізім әкімдікке тапсырылды. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан әкімдеріне «Жаңа Адамдардың» «Қала» азаматтық науқанын жүзеге асуына барынша қолдау көрсетуге бұйрық берген. Содан кейін әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов біз жариялаған инфрақұрылымдық мәселелердің шешілуіне бюджеттен қосымша қаржы бөлуге уәде берді.
Аудан әкімдері, өз кезегінде, қаланы көріктендіру жұмыстары бойынша жастар қозғалысына әр апта сайын есеп беруге уәде берген.
«Жаңа Адамдар» әкімдерден мәселелер туындаған жерлерді қалай жөндеп жатқаны туралы ақпарат алуға тырысты. «Қала» азаматтық науқанының көшбасшысы Арлен Таңатұлы Байқоңыр ауданы әкімшдігінің жиналысына шақыртылды. Ал 12 шілде күні әкім жиналыс барысында «Жаңа Адамдарды» жиналыстан қуып шыққан.
Әкім қарапайым азаматтармен қалай сөйлесіп жүргенін елестету де қиын. Жаңа Қазақстанды құру үшін атқамінерлер азаматтардың мәселелерін шешіп, халықты тыңдауды үйрену тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің осындай қылықтарының екі себебін белгіледі: аса төмен деңгейдегі құзыреттілік және жауапты басқарушылардың пайдакүнем ниеті. Ерлан Жаулыбаев мырза, сізді өзіңіздің лауазымыңызға қаншалықты лайық екеніңізді қайтадан қарастыруды сұраймын, - деді жастар қозғалысының өкілі Арлен Таңатұлы.