$ 443.44  480.51  4.88

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Чехияда бесінші апта қатарынан бірінші орында тұр

Телебағдарламаның негізгі бөлігін отандық және шетелдік орындаушылардың бейнеклиптері құрайды.
Фото: dimashnews
Фото: dimashnews

Чех музыкалық телеарнасы OCKO.TV Димаш пен Әбілмансұр Құдайбергеннің «Together» бейнебаянын ТОП-20 үздік музыкалық бейнелердің дауыс беру тізіміне енгізді. Бесінші апта қатарынан клип бірінші орында келеді, деп хабарлайды Dimashnews.com ресурсы. 

Чехиядағы алғашқы «ÓČKO» музыкалық телеарнасы 2002 жылдың 1 қазанында эфирге шыға бастады. Телебағдарламаның негізгі бөлігін отандық және шетелдік орындаушылардың бейнеклиптері құрайды. Сондай-ақ, арна эфирінде концерттер мен ән шарттары көрсетіледі.

Димаш Құдайберген алғаш рет Чехия телеарнасында 2021 жылдың 10 ақпанында өзінің «Golden» музыкалық бейнебаянымен таныстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары