Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Орал қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулалаларын су басты. Қазіргі уақытта БҚО ТЖД жанынан құрылған жедел штаб белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орал қаласы мен Бәйтерек ауданындағы Асан ауылы бойынша 23 шақырту түсті, оның ішінде екі әлеуметтік нысан: облыстық көпбейінді балалар ауруханасы және облыстық арнайы мектеп-интернатыда бар. БҚО ТЖД жергілікті атқарушы органдарымен, «Батыс Су Арнасы» ЖШС-мен бірлесіп су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп мәлімдеді БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты Орал қаласында 6 434 абонент жарықсыз қалғаны, қазіргі уақытта 1500 абонентке электр қуаты берілгені де нақтыланады.
«Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-ның 32 қызметкері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.
Алдағы үш күн ішінде көп көлемде жауын-шашын және найзағай түседі деп болжанады.