Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апатынанаман қалған 15 адамның алтауы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жол апатынан зардап шеккен 15 адам Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Хирургия бөліміне 9 науқас, жансақтау бөліміне 6 науқас жатқызылды. Облыстан санавиациямен мамандар келіп, көмек көрсетті, - дейді ведомство.
Еске сала кетейік, 17 шілдеде таңғы сағат 09:00 шамасында "Екпінді-Созақ" тасжолында үш көлік соқтығысып, 9 адам қайтыс болды.