17.07.2023, 17:40

Шымкентте алапат өрт болып жатыр

фото: ТЖД
Ордабасыда қоймалар өртеніп жатыр.

Ордабасы алаңы аумағында қою қара түтін аспанға атылуда. Тұрғындар оқиғаның видеосын жариялап жатыр,деп хабалайды Azattyq Ruhy.

Кадрларда қораптардың жалынға оранғанын көруге болады.

 15:24-те Шымкент қаласынадғы Әл-Фараби ауданы Төле би көшесі бойындағы дүкен мен қоймадан түтін шығуда деген хабарлама түсті. Күштер мен құралдар оқиға орнына, №2 шақырту бойынша жіберілді. Қосымша ақпарат жолданады, – делінген облыстық ТЖД мәліметінде.

Өрт орнына қала әкімі Мұрат Әйтенов та келген.

Тегтер: өрт ТЖД Шымкент