$ 441.66  475.14  4.86

Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы сериал түсіріліп жатыр

Түсірілім жұмыстары енді басталған.
фото: әлеуметтік желіден
фото: әлеуметтік желіден

Астанада ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы «Қаһарман» сериалының түсірілімі жүріп жатыр. Бұл туралы жары Анель Забикулина мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Қазір Асқарға және өз өмірін қатерге тігіп, күнде отпен күресетін өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған «Қаһарман» сериалының түсірілімі жүріп жатыр. Түсіру тобы бүгін Астанаға келіп, бірден жұмысқа кірісті. Әрине, бүкіл процесті өз көзімізбен көру мүмкіндігін жіберіп алмадық. Айта кетейін, кино түсіру оңай емес. Біз ол жерде 5 сағаттай болдық. Түсірілімге дайындық, бірнеше дубль, ракурс, жарық. Бұл – бір ғана көріністі түсіру кезінде көрген қиындықтың кішкене ғана бөлігі. Барлық түсірілім тобына қажырлы еңбегі үшін рақмет. Сериал барлығына ұнайды деп сенемін, – деп жазды Анель Забикулина Instagram желісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары