$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында 5 полицейге күдіктіні азаптады деген айып тағылды

Бұл бапта алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Атырау облысында 5 полицей тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

21 маусымда Атырау облыстық прокуратурасы адамды азаптады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.

Олар биыл ақпанда алдын ала сөз байласып, азамат Р-ға қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді, - деп мәлімдеді ведомство.

Полицияның 5 уәкіліне ҚР Қылмыстық колдексінің 146-бабы, 2-бөлігі "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" бойынша тергеу жүргізілді. Бұл бапта алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары