18.07.2023, 10:00

Шымкентте 19 жыл бұрын кісі өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

Фото: otyrar.kz
Құрбанының денесін көшедегі әжетхананың шұңқырына тастап, айғақтарды өртеген.

Шымкентте 19 жыл бұрын болған кісі өлтіру ісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Ер адамға екі рет оқ атқаннан кейін денесін қазылған шұңқырға тастап, дәйектерді өртеп жіберген. Жаза енді тағайындалды, айыпты өз кінәсін мойындаған жоқ.

19 жыл бұрын адам өлтіргені үшін Шымкент тұрғыны 10 жылға сотталды. Маманданған ауданаралық сотта жауыздықпен кісі өлтіру ісіне қатысты үкім шықты. Сот дерегі бойынша, сотталып отырған адам танысын жек көргендіктен өлтірген. Ол екі рет оқ атқан. Нәтижесінде ер адам оқиға орнында мерт болған. Құрбанының денесін көшедегі әжетхананың шұңқырына тастап, айғақтарды өртеп жіберген. Ол кезде ешкім жазаланбады. Бірақ биыл наурызда ер адам ұсталды. Осы іс бойынша тағы бір күдікті бар, ол қазір Ресейде тұрады.

Сот тергеуі кезінде тегін Билданов деп өзгерткен Харитоновқа айып тағылмады, одан куәгер ретінде жауап алынды. Қазір оған қатысты бөлек іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, - деді Шымкент ауданаралық сотының судьясы Самиддин Темірәлиев.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот шешімімен ер адам 10 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өткізеді.

Сот Газизов Ринат Рафаэлевичті ҚР ҚК 96-бабының 1997 жылғы редакциясы бойынша айыпты деп таныды. Осы бап бойынша ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді, - деп толықтырды судья.

Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ және күзетшілер оның қолына кісен салғанға дейін негізгі айыпты қазір Ресейде тұратын екінші ер адам екенін мәлімдеді.

Кінәсіз адамды соттады, нағыз қылмыскер Ресейде, оны жеткізе алмайды, ресейліктер бермейді. Өз заңы бойынша соттаймыз деп айтты, қазір ол жақта Украинамен жағдай боп жатыр, білесіздер, оны соттай алмайды, сол себепті мені айыптады, деп мәлімдеді сотталушы.

Ол үкімге аппляциялық шағым түсіретінін айтты.