Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты. Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев үздіктердің тізімінен шығып қалған, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев үздік-40 боксшының қатарынан шығып қалды. Өткен айда отандық былғары қолғап шебері тізімнің отызыншы сатысында тұрған болатын.
Кеңестің бұндай шешімді қабылдауына спортшының кәсіпқой рингте жиі жекпе-жек өткізбеуі себеп болуы мүмкін.
Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаевтың соңғы кездесуі 2022 жылдың наурыз айында өткен. Сол кезде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен Өзбекстан өкілі Фаррух Джураевты жеңген еді. Қамшыбек
Қоңқабаев - әуесқой бокспен қәсіпқой боксты қатар алып жүрген спортшы.