16 шілдеде Астанада кешке қарай жастар қозғалысының екі белсендісін — Арлан Танатұлы мен Алмас Жұмабаевқа шабуыл жасалған. Ықылас Дүкенұлы көшесіндегі №38 үйдің жанында бейтаныстар тобы жастарды ту сыртынан келіп ұрып, оларды жерге құлатып, тепкілеген. Бұдан соң оларды қарумен қорқытып, құнды заттары мен ақшаларын тартып алған. Куәгерлер полицияны шақырғаннан кейін, қаскүнемдер қашып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арлен мен Алмас «Қала» азаматтық науқанын жүргізеді. Астана қаласының тұрғындарымен бірге жастар астананың инфрақұрылымдық мәселелерін шешіп жатыр. Олар әкімдіктердің назарын барынша аударып, қиратылған жаяу жүргінші жолдары мен веложолдардың тезірек жөнделуіне үлкен үлес қосады.
Қалада одан да маңыздырақ мәселелер бар. Астаналықтардың қауіпсіздігі туралы айта кетейік. Астана тұрғындары мен қала қонақтары үшін көшеде қауіпсіз қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Бұл - үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі, - дейді жастар қозғалысының өкілдері.
17 шілдеде «Жаңа Адамдардың» 50-ге жуық белсендісі шабуылдан зардап шеккендермен бірге Сарыарқа ауданының Полиция басқармасына қылмыстық іс қозғау, жан-жақты тергеу жүргізу және кінәлілерді жазалау талаптарымен барған.
«Жаңа Адамдар» мен Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев арасындағы жанжалдан 2 күннен кейін белсенділеріміз шабуылға ұшырады. Мен осы оқиғалар арасында байланыс бар болғанына сенгім келмейді. Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарының әкімдерін осы тергеуді жеке бақылауға алуды өтінемін. Кінәлілер жазасын алуы тиіс! – дейді «Жаңа Адамдар» қозғалысының көшбасшысы Әсел Баденова.