$ 489.06  536.21  5.05

Шымкентте пара алған 6 полицей сотталды

Лейтенанттар айыппұлмен құтылды.
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған полицияның алты қызметкеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотта майор мен оның қарамағындағы лейтенанттар әйелді әкімшілік құқық бұзушылық үшін жазадан босатқандары үшін 130 мың теңге сұрағаны анықталды.

Бірақ әйел ешқандай заң бұзушылық жасамаған.

Майор дәл сондай шенді әріптесімен бірге бопсалау арқылы, қалған екі полицейдің көмегімен қарамағындағы  рота инспекторларынан жүйелі түрде пара алды, - деп хабарлады сотта.

Лейтенанттар айыппұлмен құтылды. Тағы екі полиция қызметкеріне де дәл сондай жаза тағайындалды.

Ал майорлар 7 жылға сотталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары