18.07.2023, 21:30

Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді

Фото: pixabay
Зілзала эпицентрі 66 км тереңдікте.

Каспий теңізінде тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісін зерттеу бюросының мәліметінше, Каспий теңізінде (Дағыстан аумағында) жергілікті уақытпен 13:19-да магнитудасы 3,3 жерасты дүмпуі тіркелген. Зілзала эпицентрі 66 км тереңдікте.

Бұл – осымен екінші рет болған жер сілкінісі. Магнитудасы 3,5 болатын бірінші зілзала жергілікті уақыт бойынша 10:31-де Каспий теңізінде Түркіменстанмен шекарада тіркелген еді. Жер сілкінісінің эпицентрі 63 км тереңдікте болған.