$ 439.43  473.31  4.82

Ақтауда әйел екі кішкентай баласымен кіреберістегі бетонда ұйықтап қалған

Бейнежазбаға қарағанда, кейін қамқор адамдар балаларға жылы көрпе әкеліп берген.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда әйел кішкентай балаларымен көпқабатты үй кіреберісіндегі бетон еденге ұйықтап қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 17 шілдеге қараған түні болған. Оқиғаны куәгер видеоға түсіріп алған. Оның айтуынша, әйел мас күйде болған.

Оқиғаның куәгерлері полицияға жүгінген (олардың айтуынша, олар тәртіп сақшыларын ұзақ күткен), сонымен қатар олар тоңып қалмас үшін балаларды үйлеріне апармақ болған. Алайда балалар мұны қаламағаны айтылды. Бейнежазбаға қарағанда, кейін қамқор адамдар балаларға жылы көрпе әкеліп берген.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті 16 шілдеде сағат 23:40 шамасында "102" кезекші пультіне 11-шағынаудандағы №33 үй кіреберісінде екі баласы бар әйел мас күйде жүргені туралы хабарлама түскенін хабарлады.

Шақыруға келген полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балалары бар әйелді анықтады. Оның жеке басын анықтау барысында тұрғылықты жерге тіркеуі жоқтығы белгілі болды. Балалар Облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу") бойынша әкімшілік хаттама жасалды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полицейлер видеоға түсіп қалған әйелдің баспанасыз екенін растамады. Сондай-ақ, олар қамқоршылық органдарының отбасыға көңіл бөлетіні туралы ақпарат беруге уәде берді.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында inAktau.kz журналистеріне сәбилердің (2021 жылы туылған қыз, 2019 жылы туған ұл бала) жағдайы қанағаттанарлық, алдағы 7-10 күнде олар дәрігерлердің бақылауында болатыны айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әйел #Ақтау #мас