19.07.2023, 10:40

Әбу Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Фото: спорт басқармасы
Әлем біріншілігіне 41 мемлекеттен 500-ден астам спортшы келіп, бақ сынауда.

Маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудың файтинг бағдарламасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады облыстық Спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Әлем біріншілігіне 41 мемлекеттен 500-ден астам спортшы келіп, бақ сынауда.

Әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында маңғыстаулық 7 спортшы бақ сынады.

-62 келі салмақта Әбу Бәкір Жәнібек алтын жүлде алса, күміс жүлдені колумбиялық спортшы, қола жүлдені швеяциялық спортшы және қазақстандық Аслан Қанатбек иеленді.

Осыған дейін Әбу Бәкір ересектер арасында әлем чемпионатының 5 дүркін қола жүлдегері болып, 2023 жылы әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, спортшы ақпан айында Бангкокта (Тайланд) джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған болатын.

Жарыс 15 шілдеде басталып, 21 шілдеге дейін жалғасады.