19.07.2023, 11:00

Шымкентте жол ортасында билеген блогер қыз айыппұл арқалады

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
«Шоуды» қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен.

Шымкент полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны тауып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда блогер қыз қиылысқа тоқтаған көліктен шығып, билей бастаған.

«Шоуды» қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен.

40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді.

Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді.

Патруль полиция полкінің инспекторлары қыздың кім екенін анықтады. Ол - Қызылорда облысының тұрғыны.

Азаматша ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.