$ 448.89  477.93  4.76

Аягөз ауданыңда сегіз жасар бала ат тұяғына тапталды

Аягөз қаласының маңындағы ауылда бала атқорада тұрған жылқымен тапталды. Жылқы әуелі баланы теуіп, содан кейін тұяғымен таптай бастаған, деп хабарлайды YK-news.kz

Ана мен бала орталығының нейрохирургия бөліміндегі дәрігерлердің айтуынша, көмек сұрап шыңғырған айқайға үйден ата-аналары шыққан. Әкесі мен анасы жылқыны қуып тастап, жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер баланы әуелі Аягөз аудандық ауруханасына, одан кейін тікұшақпен облыс орталығына жеткізді. Бас сүйегі, бұғанасы сынған баланы бірден операцияға жатқызды.

Қазір оның жағдайы қалыпты, дегенмен оған тағы бір операция жасалуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары