$ 495.2  522.34  4.94

Қазақ боксшысы АҚШ-та жеңіліп көрмеген қарсыласпен жұдырық түйістіреді

Жекпе-жек екінші ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді, кездесу алты раундқа дейін созылады.
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдын Елжановтың (6-1-1, 4 КО) АҚШ-та қай күні жұдырықтасатыны белгілі болды. Оның осы айдың соңына жоспарланған жекпе-жегі өткізілмей қалған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боксшы 22 шілдеде Лонг-Бичте (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешінде рингке шығуы тиіс еді, бірақ жекпе-жек белгісіз себептермен өткізілмейтін болды.

BoxRec.com ақпаратынша, Айдынның ендігі жекпе-жегі 26 тамызда Коммерсте өткізіледі. Оның қарсыласы – жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Энди Бельтран (6-0, 3 КО). Жекпе-жек екінші ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді, кездесу алты раундқа дейін созылады.

А. Елжановтың бұған дейінгі соңғы жекпе-жегі 1 сәуір күні Лонг-Бичте өтті. Онда төрешілердің шешімімен ол мексикалық боксшы Хуан Эрнандес Мартинеспен (2-2-2) тең түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары