Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) басшысы Бауыржан Ізбасаров ұсталды, деп хабарлайды nege.kz.
Бүгін таңертең Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталық аппараты қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Ізбасаров , ұсталды. Әзірге қамауға алу себептері жарияланған жоқ, - деп хабарлады ҚазТАГ.
Бұл ақпаратқа қатысты Антикор пікір білдірген жоқ.
Ізбасаров 2022 жылдың тамыз айынан Жетісу ТЖД басқарып келеді.