19.07.2023, 22:30

Түркістан қаласының аумағы кеңейеді

Фото: turkystan.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Сауран ауданының жерін қосу есебінен Түркістан қаласының аумағы кеңейеді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жалпы ауданы 4831,86 гектар Сауран ауданының жерін қосу және жалпы ауданы 4716,29 гектар Түркістан қаласының жерін Сауран ауданының шекарасына қосу арқылы Түркістан қаласының шекарасы өзгертілсін. Бұл туралы мәслихат пен әкімдіктің қаулысына келісім берілсін, – деп жазылған Үкімет қаулысында.

Түркістан қаласының шекарасын кеңейтуді көздейтін құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өткеннен кейін, 29 шілдеде күшіне енеді.