20.07.2023, 09:40

Қазақстанда қандай аурулардан өлім жағдайы жиі тіркелетіні айтылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 70,26 жас.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ерлер мен әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығын, сондай-ақ өлімге әкелетін ең көп таралған ауру түрлерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 70,26 жас, әйелдердікі 78,41 жас болғанын хабарлады.

Сондай-ақ, Қазақстанда 100 мың халыққа шаққанда көбінесе мынадай аурудан өлім жағдайы тіркелетіні хабарланады:

қан айналымы жүйесі аурулары – 154,39 адам; қатерлі ісіктер – 68,76 адам; тыныс алу органдары аурулары – 66,76. 0-ден 14 жасқа дейінгі балалар арасында халықтың 100 мыңына шаққанда көбінесе мынадай аурудан өлім жағдайы тіркеледі:

жарақаттар, улану және сыртқы әсердің басқа да зардаптары – 10,43 адам; жүйке жүйесінің аурулары – 5,5 адам; ыстық және қыздыратын заттарды ұстау – 3,93 адам. Ал 15-19 жас аралығындағылар көбіне мына жағдайлардан қайтыс болады:

жарақаттар, улану және сыртқы әсердің басқа да зардаптары – 34,42 адам; ыстық және қыздыратын заттарды ұстау, күю – 17,01 адам; сыртқы себептердің басқа және анықталмаған әсерлері – 15,77 адам. Халықтың 100 мыңына шаққанда әйелдер көбінесе мына жағдайлардан қайтыс болады:

ісіктер – 48,14 адам; қан айналымы жүйесі аурулары – 49,7 адам; ас қорыту жүйесі аурулары – 29,33 адам.

Ер адамдар көбінесе мына жағдайлардан қайтыс болады:

қан айналымы жүйесі аурулары – 100 мың халыққа 148,59 адам; жарақаттар, улану және сыртқы әсердің басқа да зардаптары – 136,59 адам; ас қорыту жүйесі аурулары – 59,91 адам. Қарт адамдар болса:

қан айналымы жүйесі аурулары – 859,51 адам; жүйке жүйесі аурулары – 940,73 адам; тыныс алу органдарының ауруларынан – 430,05 адам.