$ 494.87  520.65  4.91

Синоптиктер Жетісу облысында жел күшейеді деп болжады

Тек батыста және оңтүстік-батыста күн ашық болады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады.

"Күндіз Ақмола облысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп болжанды. Тек батыста және оңтүстік-батыста күн ашық болады", – деп хабарлады синоптиктер.

Республика бойынша жел күшейеді, Жетісу облысында 30 м/с және одан жоғары жел соғады, түнде және таңертең солтүстікте және батыста тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +25+27°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары