$ 443.44  480.51  4.88

Қарағанды облысындағы 3 ауылда төтенше жағдай жарияланды

Жергілікті атқарушы органның тиісті шешімі “Ашық НҚА” порталына жария етілді.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Қарағанды облысындағы үш ауылда дала және орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінің аумағында 2023 жылдың 14 шілдесінен дала және орман өрттерінің орын алуына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, - делінген жария талқылауға ұсынылған Шет ауданы әкімінің шешімінде.

Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары