$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында ірі көлемде оқ-дәрілер мен қару-жарақ табылды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Шу ауданында қараусыз қалған ғимараттың жертөлесінен ірі көлемде оқ-дәрілер мен қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.

9 дана қару мен оқ-дәрілер, атап айтқанда 4 дана 16 калибрлі ИЖ-ЗК бір оқпанды аңшы мылтығы, 16 калибрлі ИЖ-17 бір оқпанды шолақ мылтық, 9 мм калибрлі Байкал 79-9ТМ травматикалық тапаншадан 2-еу, тапанша, 5,45 мм калибрлі патрондардың 270 данасы, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінің қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі ПМ тапаншасы табылып, тәркіленді, - делінген полиция хабарламасында.

Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары