$ 494.87  520.65  4.91

35 мектепте жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталмауы мүмкін

Министрлік мәліметінше, қазіргі күні еліміздегі 250 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Оқу-ағарту министрлігі 7 өңірде мектептерді жөнднеу жұмыстары оқу жылына дейін аяқталмауы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлік мәліметінше, қазіргі күні еліміздегі 250 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

Алайда жаңа оқу жылына дейін 35 мектептің жөндеу жұмысы аяқталмауы мүмкін. Бұл Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында орналасқан мектептер, – делінген хабарламада.

Ведомсвто 107 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғанын атап өтті.

185 орта білім беру ұйымында мектеп жиһаздары жаңартылды, 201 мектеп кітапханасы мен 119 мектеп асханалары жаңғырту жұмысынан өтті. 261 мектепке турникет, бейнебақылау, дабыл түймелері орнатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл бағытта Алматы, Атырау, Түркістан облыстарында көрсеткіш төмен, – деп мәлім етті министрлік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары