$ 484.11  528.79  5.03

Көршісінің кішкентай қызын байлап, иесіз ғимаратқа апарып ұрған келіншек Жамбыл облысынан ұсталды

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу жұмысы жүріп жатыр.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Алматы облысы Қарғалы ауылында кішкентай қыздың аузы мен қолын шүберекпен байлап, қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарған әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция мәліметінше, тексеру барысында 23 жастағы әйелдің қайда жүргені анықталған.

Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінен ұсталып, арнайы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

ҚР ҚК 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (кәмелетке толмаған баланы бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары