$ 443.44  480.51  4.88

Алматы өзендерінде сел жүру қаупі бар

Аса қауіпті мореналдық 6 көлде су түсіру жұмыстары жүргізілуде.
Фото: azattyg. ruhy
Фото: azattyg. ruhy

Алматылықтарға сел жүру туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, алдағы тәуліктерде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде сел қалыптасуы мүмкін. Өйткені онда жауын-шашынның мөлшері көп.

Қазіргі уақытта мореналық көлдерінде алдын алу шаралары белсенді жүргізілуде. Аса қауіпті мореналдық 6 көлде су түсіру жұмыстары жүргізілуде. Қазселденқорғаудың барлық бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде күшейтілген және бақылаудың жеделдетілген режиміне көшті»,- дейді «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қайрат Бекенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары