23.07.2023, 01:30

Жібек Құламбаева Чехиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Фото: inform.kz
Чехиялық жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Чехиядағы Оломоуц ITF W60 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая финалда чехиялықтар Магдалена Смекалова - Тереза Валентовамен бас жүлдені сарапқа салды.

Чехиялық жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бір апта бұрын Ж.Құламбаева Римде осындай жарыста жеңімпазы атанды. Бұл жолы финалмен шектелді.