Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Telegram-дағы парақшалардың бірінде Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба анықталды.
Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тас жолында болғаны анықталды. Көлік иесі - Шымкент тұрғыны, жас жігіт.
Жас жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды.