23.07.2023, 18:30

Egov.kz порталы уақытша жұмыс істемейді

Фото: Stan.kz
22 шілде сағат 21:00-ден 23 шілде сағат 02:00-ге дейін порталда техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Техникалық жұмыстарға байланысты электронды үкіметтің веб-порталындағы қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл туралы Egov.kz әлеуметтік желілердегі парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 шілде сағат 21:00-ден 23 шілде сағат 02:00-ге дейін порталда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта электронды үкімет ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, - делінген Egov.kz порталының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Еске сала кетейік, таяуда ЕeGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет түрі іске қосылды. Яғни, енді колледж дипломының цифрлық нұсқасын аталған порталдың көмегімен алуға болады.

Тегтер: ақау eGov