23.07.2023, 21:30

Өскеменде көлік алмақ болған азамат 6 млн теңгесін алаяққа берген

Фото: NewTimes.kz
Жедел іздестіру шаралары барысында 23 жастағы күдікті ұсталды.

Өскемен қаласының тұрғыны көлік аламын деп алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан ер адам алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді.

«Жәбірленушінің айтуынша, автокөлік сатамын деген танысы 6 000 000 теңге сұраған. Бұған сенген ол ақшаны бергенімен сол күйі көлікті ала алмады. Жедел іздестіру шаралары барысында 23 жастағы күдікті ұсталды. Жауап алу кезінде ол өз заңсыз әрекеттерін толық мойындаған», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам 3-тен 7 жылға дейінгі мергімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.