$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда үш букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылуы мүмкін

Букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін Мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Фото: fan-fifa.ru
Фото: fan-fifa.ru

Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 еседен астам қысқарған. Егер 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде олардың саны - 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері - 12.

Букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін Мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.

Министрдің тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады. Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай - ақ, біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз, - деді вице-министр Ержан Еркінбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары