$ 494.87  520.65  4.91

Туған анасын аяусыз өлтірген 15 жастағы жасөспірім 10 жылға сотталды

Әйелдің сүйегі тек 5 айдан кейін табылды.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім анасын өлтіріп, денесін тығып тастаған. Әйел 6 айға жуық іздестірілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға 2022 жылдың тамызында Өскемен қаласының түбіндегі ауылда болған. 15 жастағы жасөспірім өз қатарластарымен бірге полиэтилен пакетінен клей иіскеуге әуестенген. Ажырасқан 3 баланың анасы  ұлдарын асырау үшін облыс орталығында жұмыс істеген. Балалардың әкесі оларға көмектесіп тұрған.

Жұма күні кешке үш ұлдың анасы Өскемен қаласынан келген. Ұлының «иіскеп» отырған жерінен түседі. Ол ұлына ұрысып, тыйым салынған затты қай жерге тығатынын көрсетуді сұраған. Алайда жасөспірім айтпайды, анасы ашуға булығып ұлын бірнеше мәрте ұрып жіберген. Бұл әрекетке ұлы жұдырық арқылы жауап берген, - деп жазады басылым.

Анасы құлаған орнынан тұрып үлкен ұлына барлығын айтатынын ескертіп, үй жаққа беттейді. Оған жол бермеу үшін жасөспірім жердегі тасты алып, анасының басынан ұрады. Ол жерге құлаған соң  басы жарылғанша ұрады.

Кейін ол анасының денесін арбаға салып, біраз уақыт бос тұрған көрішінің үйіне апарады. Анасының мәйітін шұңқырға жасырып, сөмкесі мен телефонын, өзінің қан-жоса болған киімдерін де сол жерде қалдырып, дәретхананың есігін бекітіп қояды.

Бірнеше күн өткен соң әйелдің үлкен және ортаншы ұлы анасы қаладан оралмағанын айтып, іздеу жариялайды. Алайда әйелді ешкім таба алмайды. Оның денесі тек 5 айдан кейін ғана табылады. Көрші әжетханадағы бөренені байқап, оның астынан әйелдің сөмкесі мен жеке куәлігін табады.

Тергеу кезінде жасөспірім кінәсін бірден мойындайды. Сот отырысына барлық отбасы мүшесі қатысады. Жасөспірімнің үлкен ағасы анасын өлтірген інісін өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрайды. Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмысты кәмелетке толмаған бала жасағандықтан оны 10 жылға бас бостандығынан айырып, кәмелетке толмағандарға арналған түрмеге отырғызуға шешім қабылдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары