24.07.2023, 16:40

Астанада екі жасөспірім ВИЧ жұқтырған

Фото: pixabay
Сондай-ақ Астанада А гепатитінің тарауы 88% артқаны айтылды.

Астаналық 2 жасөспірімнен АИТВ инфекциясы анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астанада 6 айдың қорытындысы бойынша статистикаға сәйкес 206 АИТВ инфекциясы анықталды. Оның екеуі жасөспірім, - деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, биыл наурызда жыл сайын 3 мыңнан астам қазақстандық АИТВ инфекциясын жұқтыратыны туралы ресми ақпаратпен бөліскен едік.

Айта кетсек, бүгін елордада қаладағы эпидемиологиялық-санитарлық жағдай таныстырылды. Брифинг барысында белгілі болғандай, қалаға бірнеше елден келген азаматтардан қызылша анықталды.

Сондай-ақ Астанада А гепатитінің тарауы 88% артқаны айтылды.