25.07.2023, 01:30

Жаңаөзенде жұмысшы электр бағанасының басында қайтыс болды

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
Оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған.

Жаңаөзенде электр энергиясымен жабдықтаушы мекеменің қызметкері электр бағанасында қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған.

Жаңаөзен қаласы Рахат-3 ықшамауданы, 24-көше, 119-үйдің жанындағы жоғары вольтты электр бағанасында адам тұрғаны туралы диспечерлік жедел жәрдемге ақпарат түсті.  Жоғары вольтті (380 В) электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз себептермен «Өзенэнергосервис» МКҚК-нің 1992 жылғы қызметкері ток соғып, сол жерде қайтыс болғаны анықталды, - делінген баспасөз мәлімдемесінде