Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қала мектептерінің бірінде мұғалімнің діни үгіт-насихат жүргізу дерегін анықтады, деп хабарлайды Massaget.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 жастағы жігіт бейнебақылау жоқ жерлерде студенттерге діни кездесулер өткізген. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәріс жазбалары бар дәптер тәркіленді.
Осы дерек бойынша "Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды.