Абай облысының Бесқарағай ауданында 14 шілде күні тұтанған орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты өкілдерінің ақпараты бойынша 26 шілде күні сағат 18:00-де Бесқарағай ауданындағы орман өрті 385 гектар алқапта толығымен сөндірілді, - делінген ТЖМ мәліметінде.
Жалынмен күресті күн райының қолайсыздығы қиындатқан: жоғары ауа температурасы, екпінді жел, сондай-ақ дақылдардың тығыз өсуі, тұзды және батпақты жерлер болған.
Дегенмен, орманшылар мен өрт сөндірушілер ыстық ауа райына қарамастан жанқиярлық ерлікке барып, үйлесімді шұғыл әрекет етті. Соның арқасында тілсіз жау толығымен ауыздықталды.
Абай облысының құтқарушылары азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.