Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге ширек финалда аустриялықтар Мелани Клаффнер – Синья Крауспен шеберлік байқасты. Екі сетке жалғасқан матчта қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:3 есебімен қиындықсыз жеңіске жетті.
Данилина мен Панованың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Жекелей сында тағы бір қазақстандық, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева ширек финалға шыға алмады. Ол дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған германиялық Юле Нимайерден жеңіліс тапты.
Есеп: 7:5, 3:6, 1:6.