$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 27.07.2023 сағат 15:40

Астанада жеке тұрғын үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Оқиға орнында өртті сөндіруге жеке құрамның 74 қызметкері мен 14 техника жұмылдырылды.
Астанада жеке тұрғын үйден өрт шықты (ВИДЕО)
Фото: Azattyq Ruhy

Елордада жеке тұрғын үйді өрт шарпыды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

27 шілде күні сағат 14:11-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері Ер Қосай көшесінің бойында өрт шарпыған нысанға бағытталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, автоцистерналар, жанғыш сұйықтық құйылған бөшкелер және екі қабатты коттедж өртеніп жатқанын анықтады. Сағат 14:45-те аталған нысандағы өрт ауыздықталды, - делінген елордадағы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінде.

Айта кетейік, оқиға орнында өртті сөндіруге жеке құрамның 74 қызметкері мен 14 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар