$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздегі жолдардың үштен бір бөлігі сапасыз

Барлық заң бұзушылықты мердігер өз есебінен жоюы керек.
Фото: qazaqjoly.kz
Фото: qazaqjoly.kz

Еліміздегі жолдардың үштен бір бөлігі талаптарға сәйкес келмейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.  

Жол активтерін сараптау орталығы биыл бүкіл ел бойынша 16 мың битум сынамасын алғанын мәлімдеді. Олардың 27%-ы сапасыз болып шыққан.

Көбіне асфальттың тығыздығы сәйкес келмейді немесе су өткізгіш болады. Бұл магистральдардың қызмет ету мерзіміне кері әсер етеді, жолда шұңқырлар пайда болып, жолдардың бұзылуына әкеледі. Барлық заң бұзушылықты мердігер өз есебінен жоюы керек. 2019 жылдан бастап жол-құрылыс компаниялары асфальт төсемді 9 миллиард теңгеге қайта өңдеді.

Тапсырыс берушімен, мердігер ұйыммен бірлесіп, учаскенің шекарасын анықтаймыз. Мердігер ұйым бұл учаскені қайта салуда. Осыдан кейін қайтадан тексереміз. Егер бәрі жақсы болса, онда оны бекітіп, әрі қарай өткіземіз, – деп мәлімдеді Жол активтері сапасының ұлттық орталығы департаментінің директоры Шалқар Қасымханов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары