$ 444.14  477.05  4.85

Шымкент тұрғыны көшенің ортасында жалаңаш шомылған

Бұзақы 50 жастағы азамат болып шықты.
Фото: telegram.com/shymkent.online
Фото: telegram.com/shymkent.online

Шымкентте көшедегі өсімдіктерді суаруға арналған субұрқақта жалаңаш шомылған ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция әлеуметтік желідегі видеоны бақылау арқылы азаматты анықтаған.

Жалаңаш ер адам Шымкент қаласының Төле би көшесі бойындағы жолдың дәл қасында субұрқақта жалаңаш шомылған. Бұзақы 50 жастағы азамат болып шықты.

Қазіргі таңда оның үстінен ӘҚБтК-нің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары