$ 495.2  522.34  4.94

Электр самокат пен мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейеді

Велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен жүруге электр самокат жүргізушілеріне рұқсат етіледі.
Фото: yurim.ru
Фото: yurim.ru

ІІМ дайындаған Жол қозғалысы ережелеріне және көлік құралдарын пайдалануға рұқсат берудің негізгі ережелеріне түзетулер 9-шы тамызға дейін қоғамдық талқыға ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші кезекте электр самокаттары мен шағын электр көлігі құралдары түсініктері енгізілді, жол жүру ережелері әрқайсысына бөлек-бөлек қарастырылған.

Электр самокат - екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышты (электр қозғалтқыштарды) пайдалану арқылы бір адамның жүріп-тұруына арналған, орындығы жоқ, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына жиырма бес километрден аспайтын жеке мобильді көлік құралы, — делінген құжатта.

Ал шағын электр көлігі құралы дегеніміз – электр қозғалтқышы бар электр самокаттар мен мопедтерді қоспағанда электр қозғалтқышпен жарақталған, жеке жүріп-тұруға арналған, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар көлік құралы. Енді әрқайсысы қай жолдармен жүру керектігін тарқатсақ.

Мопед жүргізушілерге велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолмен жүруге тыйым салынады.

Велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен жүруге электр самокат жүргізушілеріне рұқсат етіледі. Электр самокат жүргізушілер велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болмаған кезде:

  • осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда;
  • жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына алты километрден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүреді.

Сонымен қатар, он сегіз жасқа толмаған электр самокат жүргізушілерге өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, кез келген санаттағы көлік құралын жүргізу құқығына арналған жүргізуші куәлігінсіз не көлік құралын жүргізу құқығына арналған жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліксіз жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына, арналған жолақпен жүруге рұқсат берілмейді.

Шағын электр көлік құралдарын жүргізушілерге:

  1. рульсіз шағын электр көлігі құралдарын қоспағанда, ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;
  2. жолаушыларды тасымалдауға;
  3. жүкті тасымалдау;
  4. жолдың жүру бөлігімен жүруге;
  5. жақында велосипед жолы, велосипед жүретін жолақ болған кезде тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге
  6. шағын электр көлік құралдарын, шағын электр көлік құралдарымен сүйретуге;
  7. шағын электр көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге тыйым салынады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары