$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда теңізден құтқарылған қыздардың бірі күтпеген мәлімдеме жасады

Тіпті оларды құтқаруға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері араласпағанын айтты.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Маңғыстау облысында үрлемелі матраста отырған үш қызды толқын Каспий теңізіне ағызып әкеткен болатын. Бірақ олардың ата-анасы қыздар құтқарылған соң жанжал шығарды. Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанжал шығарып отырған ата-анан құтқарылған қыздарының видеолары мен фотоларын өшіруді талап етуде.
"Ашық теңізге матраспен бірге ағып кеткен қыздардың туыстары құтқарушыларға алғыс айтудың орнына, олардың барлық видеолары мен фотоларын алып тастауды талап етіп, жанжал шығарды", - деп жазды блогер видео астына.

Қыздардың ата-анасының бұл әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудыруда. 
"Мен бұл кісілерге таң қалып отырмын. Рақметі жоқ екен.  Оларды қалай жан ұшыра іздеп, қаншама адамды уайымдады!", "Қыздарды құтқару үшін бүкіл қаланы құлаққағыс етті. Шүкіршілік етсеңіздерші", "Төтенше жағдай қызметкерлеріне және қыздарды құтқаруға атсалысқандардың барлығына рахмет!", "Олай болса, не үшін көмек сұрады. Өздерін өздері құтқармады ма? Қайта құтқарғанына рақмет айтуы керек еді" - дейді желі қолданушылары.

Алайда бүгін ашық теңізде құтқарылған қыздардың бірі мәлімдеме жасап, құтқарушылармен ешқандай жанжал болмағанын айтты. Тіпті оларды құтқаруға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері  араласпағанын айтты.

"Бізді құтқарғандарға Алла Тағала сауаптан жазсын. Бірақ бізді құтқарған Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері емес. Олар ата-анамызға 20:00-ден кейін жұмыспен айналыспайтындарын айтқан. Бізге құтқарушылар емес, жеке компанияның қызметкерлері көмектесті. 
Құтқарушыларымыздың жағдайын айтсаңыз? Оларда жұмыс істейтін қайық, тіпті дүрбі де жоқ. Құтқарушы ағамыз шопандардан дүрбі сұраған. Бір жағадан екінші жағаға бет алған құтқару қайығын көрдік. Олар тек сағатпен жұмыс істей ме сонда?" - деді ол. 

Сондай-ақ қыздар туыстарымен кездесіп үлгермей тұрып, "құтқарушылар олармен бірге түскен суреттерін Instagram-да жариялап қойғанын" атап өтті. Соған қарамастан, бойжеткен ешкімді кінәламайтынын және құтқарылғанына риза екенін баса айтты. Сондай-ақ туыстарының мазасын алмауды және оларға "қажетсіз сөздер" жазбауды өтінді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстауда үрлемелі матраста шомылған үш қызды толқын теңізге ағызып кеткені туралы жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары