28.07.2023, 07:30

Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Фото: polisia.kz
Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.

27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тас жолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. 

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.