$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде анасы мен баласы пәтерден өлі күйінде табылды

Полиция олардың неден қайтыс болғанын анықтау үшін сараптама жүргізіп жатыр.
Фото: Ақтөбе облысының полициясы
Фото: Ақтөбе облысының полициясы

Ақтөбедегі 8 шағын аудандағы көппәтерлі үйден көршілер жағымсыз иіс сезіп полицияға жүгінген. Полиция пәтерді ашып, екі мәйітті тапқан, деп хабарлайды «Диапазон».

23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі.

Пәтер иесі мұғалім екені белгілі болды. Ол ауырып, жалғыз тұрған, солайша ұлы анасына барған.

Біз полиция шақырдық, шыбындар ұшып, иісі өте жағымсыз еді. Полиция келіп, бәрін қоршап алды, оларды алып кетті,- деді көршілер.

Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояудың іздері тұр, саусақ іздерін алған болуы керек. Ал көршілер осы пәтерде дезинфекция жүргізуді сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары